Алматыда профилактикалық жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар тұрғын үй мен нысандар уақытша газдан ажыратылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалының мәліметінше, Д-720 мм орташа қысымды жерасты газ құбырына апатқа қарсы профилактикалық жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«Бостандық ауданының тұтынушыларына газды үздіксіз беру мақсатында газ құбырының учаскесін ауыстыру қажет. Осыған байланысты 18-19 қазан аралығында «Нұр Алатау» шағынауданының әл-Фараби даңғылы – Тоқжайлау – Қожакеев – Подгорная көшелері; Мирас шағынауданының Лисянский көшесі бойында орналасқан тұрғын үйлері мен нысандары газдан ажыратылатын болады», – делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта жөндеу-апаттық бригадалары газбен жабдықтау бойынша жұмыстың қалыпты режимін тез арада қалпына келтіру үшін бүкіл қажетті шараны қабылдап жатыр.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ АӨФ қала тұрғындарынан қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды.