Жөндеу-апаттық бригадалары газбен жабдықтау бойынша жұмыстың қалыпты режимін тез арада қалпына келтіру үшін бүкіл қажетті шараны қабылдап жатыр
Алматыда профилактикалық жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар тұрғын үй мен нысандар уақытша газдан ажыратылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалының мәліметінше, Д-720 мм орташа қысымды жерасты газ құбырына апатқа қарсы профилактикалық жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«Бостандық ауданының тұтынушыларына газды үздіксіз беру мақсатында газ құбырының учаскесін ауыстыру қажет. Осыған байланысты 18-19 қазан аралығында «Нұр Алатау» шағынауданының әл-Фараби даңғылы – Тоқжайлау – Қожакеев – Подгорная көшелері; Мирас шағынауданының Лисянский көшесі бойында орналасқан тұрғын үйлері мен нысандары газдан ажыратылатын болады», – делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта жөндеу-апаттық бригадалары газбен жабдықтау бойынша жұмыстың қалыпты режимін тез арада қалпына келтіру үшін бүкіл қажетті шараны қабылдап жатыр.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ АӨФ қала тұрғындарынан қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды.