Жас сарбаздарды іріктеу кезінде олардың білімі мен мамандығы ескеріледі
Бүгін әскерге баратын 30 азаматты ардагерлер мен ата-аналары салтанатты түрде шығарып салды. Жас сарбаздарды іріктеу кезінде олардың шақыртуға дейін алған білімі мен игерген мамандығы ескерілетін болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сондай-ақ, олардың денсаулығы мен моральды-психологиялық жағдайына да жіті мән берілмек. Биылғы әскерге қабылдаудың ерекшелігі де осы дейді қорғаныс өкілдері.
«Көктемгі әскерге шақыру науқанын бастадық. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігінен келген наряд бойынша біз биыл біз 1000-ға жуық азаматты көктемде шақырамыз. Ал,1000-нан астамын күзгі маусымда. Осы 2020 жылы 2500 адам әскер қатарына шақырылады», - деді Қалалық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Фархат ҚҰРМАНҒАЖИНОВ.