Алматылықтарға карантин режимін бұзған кәсіпкерлер туралы хабарлауға үндеу жасалды

Almaty.tv
Almaty.tv
21 наурызынан бастап қызмет көрсету саласындағы нысандар жабылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында карантин енгізілген болатын. Соған орай кәсіпкерлік нысандары жаңа жұмыс режиміне көшкен еді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал азық-түлік емес сауда базарларының, ірі сауда және ойын-сауық орталықтарының, ірі сауда үйлері мен сауда орталықтарының жұмысы тоқтатылды.

Ағымдағы жылдың 21 наурызынан бастап қызмет көрсету саласындағы нысандар жабылды. Яғни ол дегеніміз косметология бөлмелері мен орталықтары, сұлулық салондары, СПА салондар, аквапарктер, қоғамдық моншалар, бассейндер, солярий, массаж орталықтары, фитнес және йога залдары.

Алматы әкімдігі тарапынан жоғарыда енгізілген шектеу шараларының орындалуына бақылау жасалуда.

Дегенмен, аталған кәсіпкерлік субъектілерінің заңсыз қызмет етіп жатқан фактілері анықталған жағдайда мына телефондарға хабарласыңыз:

– 8 775 882 55 39;

– 8 775 882 55 46;

– 8 775 882 55 02;

– 8 775 882 55 49;

–8 775 882 55 72;

– 8 775 882 55 08;

–8 775 882 55 16;

– 8 775 882 55 12;

–8 775 882 55 00;

– 8 775 882 55 92.

Барлық өтініштер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Карантин бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік белгіленеді.

Новости партнеров