Айтылды – орындалды: Бақытжан Сағынтаев халыққа берген уәдесін түгел орындады

14.02.2020 03:40

Алматы әкімі тамыз және желтоқсан айларында жетісулықтармен екі екі мәрте жүздесті

Айтылған сөз – атылған оқ. Алматы әкімі халыққа берген уәделерінің бірін қалдырмай орындап жатыр. Есте болса, қала басшысы Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданы тұрғындарымен екі рет кездескен еді. Жүздесуде дүйім елден түрлі тақырыптағы сұрақтар түсті. Оны жергілікті билік сұрыптап, салаға бөлді. Кейін шешілуі тез сауалдарды реттеуге кірісті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматы әкімі тамыз және желтоқсан айларында жетісулықтармен екі 2 мәрте жүздесті. Сұрақтардың легін тыңдап, қағазға түртіп алды. Есте болса, мына әжей тәртіп сақшыларына отыратын орын сұрап, азар да безер болған еді. Сұрағаны аз уақытта шешім тапты.

«Біздің полицейлер жертөледе отырады. Бұл сұрақ «Нұр Отанда» көтерлі. Осы уақытқа дейін оларға 3-4 бөлме бөлуге болар еді. Олар еңбектеніп жатыр ғой», - деді жиналғандардың бірі.

«Құлагер» тұрғындары да мұң шақты, суретте көріп тұрғандарыңыздай санузелдері тіпті ұялатындай дәрежеде еді.  Халыққа қызмет көрсету орталықтарын жөндеуден өткіздік. Жаңа пункт аштық. Тіпті күдіктілерді ұстауға осындай камералар да қойылды», - деді  аудан әкімі.

Ал бұл пәтер иелері кооперативінің басшысы Солнечная көшесінен басындағы базынасын айта келіпті. Себебі, 25 жылдан бері көпшілік сияқты жеке емес, заңды тұлға ретінде жарыққа қаржы құйып келеді. Осылайша, қалтасына айтарлықтай салмақ салған.

«Біздің электр желімізді қашан қосады? Ол 2016 жылы-ақ жарамыз деп танылған болатын. Әлі соған төлеп келе жатырмыз», - деді бір тұрғын.

Арада біраз уақыт өткен соң 1300 метр болатын электр желісін сот иесіз деп таныды. Енді ол қала балансына өтті.

Желтоқсанда өткен кездесуде ауланың тазалығы, ағаштардың дер кезінде санитарлық кесу жасалмағынын айтты.

«Тоқтаров көшесі, 43 а, 8 пәтер. Гамель ПИК-іне зор алғыс. Көп рахмет. Биыл арық тазаладық. Ағаштарды кестік. Енді жарықтандырылса деген тілегім бар», - деді бір тұрғын.

Сұрағаны бірден орындалды. Риза болған Жетісу ауданының тұрғыны өзін түсіріп, атқарылған жұмысқа сүйсінді.

Айта кетейік, өткен жылдың тамыз айында 52 тұрғын 80-ге жуық сұрақ қойды. Оның 30-дан астамы қайталанған сауалдар еді. Жалпы қазір мәселенің 50 пайызы шешілген.

Жадыра Омаржан, «Алматы» телеарнасы