Елін сүйген Елбасы: Алматыда Тұңғыш президент күніне орай мерекелік концерт өтті

29.11.2020 03:51

Мақсат – Ұлт көшбасшысының елімізді дамыту мен Тәуелсіздікті нығайтуға қосқан ерен еңбегін насихаттау

Елін сүйген Елбасы. Осындай атаумен Алатау дәстүрлі өнер театрында концертті ұйымдастырылды. Арнаулы кеште өнерпаздармен сахна саңлақтары өз өнерлерін көрермен қауымға ұсынды. Мақсат – Ұлт көшбасшысының елімізді дамыту мен Тәуелсіздікті нығайтуға қосқан ерен еңбегін насихаттау. Мәдени шарада дәстүрлі әндер мен бірге Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті әндері шырқалды, деп хабарлайды Almaty.tv.  

«Тұңғыш президентіміздің  құрметіне орай үлкен концерт қойып жатырмыз. Бұл жерде  Алатау концерттік ұжымының бағдарламасынан бөлек, біз сияқты ақсақалдарды осы концертке шақырған. Соған арнайы келіп қалдық. Сіздерді мына келіп жеткен  Тұңғыш президентіміздің  күніне орай  құттықтағым келеді. Қазақ еліне бақыт береке байлық тілеймін!» – деді  ҚР Халық әртісі, композитор Алтынбек  Қоразбаев.  

Одан бөлек, кеште көру және есту мүмкіндігі шектеулі жандар да өнер көрсетті. Сондай-ақ, Алатау фольклорлық-этнографиялық ансамбілінің сүйемелдеуімен  дәстүрлі және халықтық ән-күйлер орындалды. Айта кетейік, салтанатты іс-шара барысында қонақтар әлеуметтік арақашықтықты да ұмытқан жоқ.  Театр қызметкерлері келушілердің санитарлық талаптарды сақтауын қатаң бақылауға алды.

«Өздеріңіз білесіздер, 1 желтоқсан әрқашанда бізде  Тұңғыш президент күні болып белгіленген  үлкен мереке. Сол мереке арнап мынау Алатау дәстүрлі  өнер  театрының ұжымы өздерінің мерекелік концертін тарту етіп отыр. Алматы жұртшылығына жалпы қала қонақтары жалпы қазақ халқына осы мереке құтты болсын!  Әрқашан еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» – деді Алатау дәстүрлі өнер театрының директоры Дәлел Уәшев.