Ғани есімді 7-сынып оқушысы ұлы ақынға құрметін солай білдірген
Жаркенттік бала шашына Абайдың суретін салдырған, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы ҚР Спорт және мәдениет министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбаев желідегі парақшасында жазба қалдырған. Ол жаркенттік жігіттің шаш үлгісін көрсетіп бейнежазба жүктеген. Ұлы ақын Абайдың суретін шашына салғызған балаға жұрт тәнті болды.
Айдар Қырықбаев Ғани есімді 7-сыныптың оқушысын Жаркент қаласында кезіктіріп, оның ақынға деген ерекше құрметіне дән риза болған.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде ақынның 175 жылдығына арналған Абай өлеңдерін оқудан эстафета өткен болатын. Ләйлім есімді оқушы қыз бастаған эстафетаны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалғап, ақынды ерекше дәріптеді.