Алматыда «Біз біргеміз» акциясы жалғасып жатыр. Бас партия бастаған науқанды қалталы азаматтар бірінен соң бірі жасауда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Карантиннің қатаңдатылған режимі енгізілгенге дейін, еріктілер мұқтаж жандарға азық-түлік таратып, керек жарақтарын жеткізген еді. Ал, бүгін қаланың жас кәсіпкері жомарттық танытты.
Облыс аумағынан келген жүк көлігін тәртіп сақшылары мұқият тексерді. Жүргізушінің дене қызуын өлшеді. Барлығы талапқа сай болғаннан кейін бірақ өткізді. Машинаның іші антисептик пен ауыз суға толы. Аталған заттар блок-бекетте қызмет етіп жатқан мамандарға үлестіріліп берілді. .
«Біз көп жағдайда маңызды мамандық иелерін бағаламай жатамыз. Дәл қазіргі уақытта дәрігерлер мен полицейлердің, жалпы карантин кезінде еңбек етіп жатқан жандардың жұмысы ауыр. Олар өз өмірлерін қатерге тігіп, аурумен күресіп жатыр. Сондықтан, жеке өз басым Нұр Отан партиясының «Біз біргеміз» акциясын қолдап, блок-бекеттерге керек заттарды таратуды жөн көрдім», – деді кәсіпкер Вахид ГАСАНОВ.
25 жастағы алматылық кәсіпкер Нұр Отан партиясы бастаған біз біргеміз акциясын жалғастырған. Бүгін қала аумағындағы 27 блок-бекеттердің әрқайсысына 15 литр санитайзер мен ауызсу таратып берді.
«Бұл енді жас кәсіпкерлер атынан жасалып отырған үлкен көмегі. Басқа кәсіәпкерлерді де осы үлкен акцияға қатысуға шақырып жатыр. Өзі де басқалардан үлші алып, осыған қатысып отыр. Жалпы көлемі 1 милиионнан астам теңгеге бүгін осындай көмек акциясын ұйымдастырып отыр», – деді қалалық «Жас отан» жастар қанатының төрағасы Мәди АХМЕТОВ.
Елдегі қиын қыстау кезеңде ақ халатты абзал жандар қолдарындағы қолғаптарып, беттерінен маскасын және үстіндегі арнайы киімдерін тастамай еңбек етіп жатыр. Ал, болк-бекеттердегі тәртіп сақшылары, ұлттық ұлан сарбаздары және тағы басқа мамандар дәл солай тер төгуде. Бүгінгі акция алдыңғы шепте жүрген жандардың еңбегінің еленгені деп білейік. Сіз де, ағайын, үйде қарапайым қағидаларды сақтап, коронавируспен күреске өз үлесіңізді қосыңыз.
Өмір Әнуарбек, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» арнасы