Науқан барысында бес бала тәрбиелеп отырған Воржеевтер отбасына барды
Алматы полициясы дағдарыс орталығымен бірге “Бақытты отбасы” науқанын өткізуде, деп хабарлайды Polisia.kz.
7-13 қыркүйек аралығында Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде Алатау аудандық жергілікті полиция қызметінің инспекторлары «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыстық орталық» КММ-мен «Бақытты отбасы» көп балалы отбасылар орталығымен бірлесе отырып, «Өмірде ең қымбат нәрсе – отбасы» апталығын өткізуде. Науқан барысында бес бала тәрбиелеп отырған Воржеевтер отбасына барды.
«Бұл күн отбасыларға баруға, олардың жағдайы туралы білуге және балалармен сөйлесуге тамаша мүмкіндік. Өйткені барлық аз қамтылған отбасылар бізде арнайы тізімде тіркеледі. Біз олармен үнемі байланыста боламыз. Жақсы, жарқын мереке қарсаңында біз ҮЕҰ өкілімен бірге балаларға қуаныш сыйлауды және оларға қажетті оқу құралдары мен ойыншықтар түрінде сыйлықтар беруді шештік. Осы ісімізбен біз ата-аналарға ауыртпалықты жеңілдетіп, олардың жалғыз емес айтқымыз келеді», – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
2013 жылдан бастап Қазақстанда қыркүйектің әр екінші жексенбісінде Отбасы күні аталып өтіледі. Отбасы күні жыл сайын белгілі бір ұранмен өтеді.