Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов желідегі парақшасында жазды
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметов қайтыс болды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы 57 жасында мезгілсіз дүниеден өтті. Арда азаматтың отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын», – деді Сәкен Қалқаманов.
Қосман Қайыртайұлы 1963 жылы 29 тамызда Целиноград облысы Ерментау ауданы Бестөбе ауылында туған.
Еңбек жолын 1983 жылы Целиноград облысы Селетин ауданы «Изобиль» совхозы 2-бөлімшенің жұмысшысы болып бастаған.
1983-2014 жылдары Целиноград облысы Бестөбе АТК жабдықтау бойынша инженері, Ақмола облыстық мемлекеттік пошта байланысы қызметі Автобаза байлынысының директоры, пошта тасымалдау бойынша арнайы автокөлік кәсіпорнының бастығы, «Қазпошта» ашық акционерлік қоғамы «Астана поштамт» Астана қаласы филиалының бастығы, Астана қаласы «Горкоммунхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бас директорының орынбасары, директоры, «Астана Горкоммунхоз» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, «Кредит Құрылыс НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс директорының орынбасары, Ақмола облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, әкімі, Қазақстан Республикасы Аумақтық даму вице – министрі, ҚР Ұлттық министрлігі құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің және жер ресурстары басқармасының төрағасы қызметінде болған.
2019 жылдың ақпан айынан бастап Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде болған.