900 млн теңгенің мүлкі тәркіленді: Астанада заңсыз майнингпен айналысқандар ұсталды

16.04.2025 14:17

Заңсыз жолмен алынған цифрлық активтер эквиваленті 143 млн теңгеден асады

Астанада 2022 жылдан 2024 жылдың мамырына дейін майнинг фермасын қозғалтқыштарды өңдеу орталығы ретінде жасырып, бір мегаполистің тұрғын ауданымен салыстырғанда айлық электр энергиясын тұтынған үш азаматқа қатысты айыптау үкімі шығарылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңсыз жолмен алынған цифрлық активтер эквиваленті 143 миллион теңгеден асады.

«Тінту барысында 1 257 асикмайнер (цифрлық активтерді өндіруге арналған жабдық), өнеркәсіптік салқындатқыш желдеткіштер мен трансформаторлық станция алынды», - делінген ҚМА хабарламасында.

Сот оларды ҚР ҚК 214-бабының 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, айыппұл салу жазасын тағайындады.

«Сот шешімімен мемлекет пайдасына 900 миллион теңгеден астам мүлік: 2 көлік («Toyota Camry», «Nissan Juke») және майнинг жабдықтары тәркіленді. Сонымен қатар сот қылмыстық табыс мөлшері ретінде 143,2 миллион теңгені мемлекетке қайтаруды міндеттеді», - деді агенттік өкілдері.

Үкім заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз: Президент: Үкіметтің міндеті – халықтың әл-ауқатын төмендетуге жол бермеу