Abai Labs инновациялық паркінде зертхана ашылды

08.04.2025 16:41

Ғылым апталығы 14 сәуірге дейін жалғасады

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ғылым апталығы басталды. Биылғы іс-шара ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Апталық аясында Abai Labs инновациялық паркіне қарасты зертхана ашылып, білім беру саласына заманауи технологияларды енгізудің жаңа мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар академик Мәмбет Қойгелдиевтің жетекшілігімен жарық көрген 12 томдық «Алашорда ісі. 1920–1940 жж.» жинағының тұсаукесері өтті. «Абай мұрасы – руханият қазынасы» ғылыми семинары мен «Abaı Innovation Fest» көрмесі де көрермен назарына ұсынылды. Айта кетейік, ғылым апталығы 14 сәуірге дейін жалғасып, 120-ға жуық іс-шара өткізу жоспарланған.

 «Abai Labs» орталығы аясында 100-ден аса іс-шара өтеді. Негізгі акцентті жастардың жобаларына, оның ішінде студенттерге қойдық. Стартаптар, робототехника бағытында байқау ұйымдастылуда. Бәрінің жүлде қоры бар. Бұл – студенттерге, ғылымға бет бұрған жастарымызға мотивация. Бұл – университетіміздің академиялық саяси бағыттарының бірі», – деді Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Болат Тілеп.

Оқи отырыңыз: Мектептерде дрон операторын оқытады