Бұл туралы облыстық ПД бастығы хабарлады
Абай облысында полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан хабарлады.
«Полиция кіші сержанты Айдос Айдарханұлы туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Оның жанқиярлық еңбегі, антына адалдығы және жоғары кәсібилігі әріптестерінің және оны жеке танитын барша жандардың жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл – ішкі істер органдары жүйесі үшін орны толмас қайғы, біз сіздермен бірге қайғырамыз», - деп жазды ПД басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Жазба астындағы пікірлерде полицейдің жол апатынан қаза тапқаны айтылады. Өзге мән-жай, әзірге белгісіз.
Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында 17 жастағы жасөспірімді өлтіріп кеткен