Қазақстанда екі немесе үш атом электр стансасы салынуы мүмкін
Елімізде екі немесе үш атом электр стансасы салынуы мүмкін. Бұл туралы жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында айтқан еді. Президент ядролық өнеркәсіп саласы экономиканы өркендетуге зор серпін береді деді. Жалпы, атом электр стансалары энергетика тапшылығынан бөлек, елдегі қандай мәселелерді шешеді? Бұл сауалға «Қазақстандық атом электр станциялары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекші инженері Асуан СИЯБЕКОВ AlmatyTV эфирінде жауап берді.
- Асуан мырза, Президент сұхбатында «таяу арада екінші, тіпті үшінші атом электр стансасын салуымыз мүмкін екенін жоққа шығармады. Осыған қатысты ойыңызды айтсаңыз.
- Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында атом стансасының құрылысы бойынша бір жоба қарастырылу үстінде. Өткен референдумда халық оған дауыс берген болатын.
Екінші, үшінші стансаларды энергетиканың келешекте тапшы болуына және де энергетиканы дамыту бойынша стратегияға байланысты ары қарай да қарастырған жөн деп есептейміз. Енді атом электр стансасынан қандай эффект бар? Әрине, атом электр стансасы сияқты ірі жобалар елге үлкен мультипликативті эффект тудыратыны анық. Ол тек экономиканың салаларына ғана емес, әлеуметтік жобалардың да жүзеге асуына, техника, технологияның да дамуына және экологиялық аспектілерге де өзінің оң ісерін тигізетін болады. Оның ішінде, жұмыс орындарының ашылуын, инфрақұрылымның дамуын айтуға болады. Сондай-ақ атом өнеркәсібі бойынша, оның ішінде уранды қазу бойынша өзіміздің біліктілігіміз шыңдалады. Осындай жұмыстарды айтып кетсе болады. Дамытатынын айтуға болады.
- Президент елімізде атом электр стансасының құрылысына қызығушылық танытып отырған шетелдік компаниялар арасында конкурс өткізілетінін айтты. Сіздің ойыңызша, халықаралық ғылыми тәжірибеде қай елдің технологиясы озық және қай елдің тәжірибесіне жүгінгеніміз дұрыс?
- Қазіргі таңда елімізде атом электр стансасын салатын мамандардың болмауы себепбінен шетелдерге жүгініп отырмыз. Яғни, осыған дейін алты елден 13 реакторлық технологияны алған болатынбыз. Оның барлығын өзіміздің заңнамалар арқылы саралаудан өткіздік. Және МАГАТЭ ұйымының ұсынымдары бойынша саралаудан өткіздік. Осы саралаудың нәтижесінде 4 реакторлық технологияны шорт-парағымызға енгізіп қойған болатынбыз. Бұл технологиялардың барлығы озық деуге болады. Енді алдағы жұмыстарға тоқталып кететін болсақ, жоғарыда айтып кеткендей, Үлкен ауылының аймағында инженерлік ізденіс жұмыстары арқасында технология орнату бойынша жұмыстар жүргізіледі деген жоспар бар.
Оқи отырыңыз: Алматының мұражай қызметкерлері енді шетелде тағылымдамадан өте алады