ҚМА: "дроп-карта" иелерінің 90 пайызы шетелдік азаматтар

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, былтыр мұндай 6,2 мың "дроп-карта" анықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елде алаяқтықтың жаңа түрі белең алып келеді. Банк карталары мен шоттарын заңсыз мақсатта қолдануға беретін тұлғалар саны артқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, былтыр мұндай 6,2 мың "дроп-карта" анықталып, олардың айналымы 24 миллиард теңгеге жеткен. Олар көбінесе есірткі саудасы, кибералаяқтық пен заңсыз құмар ойындарында қолданылған. Агенттіктің ақпарынша, "дроп-карта" иелерінің 90 пайызы шетелдік азаматтар. Оларға қатысты барлық ақпаратты жауапты ведомство сол елдердің құқық қорғау органдарына жіберді.

"Интернет-банкингке қашықтан қол жеткізу мақсатында кәсіби жылыстаушылар үшінші тұлғаларға тіркелген байланыс операторларының SIM карталарын пайдаланған.Іс жүзінде «дроптар» деп аталатындар халықтың осал топтарына жататын адамдар, олар қылмыстық схемалардағы рөлінің салдарын түсінбейді", – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Есірткімен күрес: елімізде 63 зертхана жойылды

Новости партнеров