Айналайын: Алматыда қалалық ән фестивалі өтті

23.04.2025 16:14

Өнер сайысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға бақ сынады

Алматыда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «Айналайын» ән фестивалі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара жеткіншектердің шығармашылық әлеуетін қолдауға бағытталған. Фестивальге қатысушылар соғыс тақырыбындағы әндерді орындап, сахнада өнер көрсетті. Әділқазылар алқасы балалардың шеберлігі мен тақырыпты ашу деңгейіне ерекше мән бергенін айтты. Ал ұйымдастырушылар «осындай бастамалар арқылы балалар кез келген ортаға тез бейімделеді» дейді. Фестиваль соңында барлық қатысушыларға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

 «Байқауға 7-15 жас аралығындағы балалар қатысты. Аудандық кезең өтіп кетті. Қорытындысы бойынша 8 ауданның сұранысын берді.  15 бала Алматы қаласының 8 ауданының атынан сайысқа түседі», – деді оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығының басшысы Ағайша Сапарова.  

 «Оқушым ерекше күтімді қажет ететін балалар қатарында екінші сынып оқиды. Екі апта дайындалдық. Баянмен сүйемелдедім, Михаил Балндердің «Катюша» әнін орындадық. Талантты балалар көп екен. Әр ауданнан келген мықты балалар бар. Өнері өрге жүзсін!» – деді №187 Жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Ерлан Мұстафин.

Оқи отырыңыз: Сыр өңірінде 150 жыл бұрын жазылған Құран көпшілікке таныстырылды