Ақмола облысында 500 гектар жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Жергілікті атқарушы органның жер заңнамасын бұзғаны анықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысы прокуратурасының шаралары арқылы заңсыз берілген жер учаскесі қайтарылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Шортанды ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына тұрақты түрде мониторинг және талдау жүргізеді.

«Тексеру нәтижесінде жергілікті атқарушы органның жер заңнамасын бұза отырып, 461 га жайылымдық жерді жеке меншікке бергені анықталды», - делінген хабарламада.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде нарықтық құны 6,4 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Осы басым бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі отандастарымызға үндеу жасады

Новости партнеров