Іс Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды
Ақмола облысының прокурорлары мектепке дейінгі білім беру ұйымында бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жақсы ауданы прокуратурасымен «Болашақ» балабақшасының қызметінде тексеру жүргізілді
"Тексеріс арқылы балабақша есепшісі қызмет және тауарларға арналған 9 млн тенгені өз шотына аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, одан әрі тергеуді Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырды.
Оқи отырыңыз: Астана қаласы Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысына сот үкімі шықты