Ақмола облысында мектепке қолына пышақ ұстаған белгісіз адам кіріп кеткен

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Полиция департаменті аталған ақпаратты растады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысының Ақсуат ауылында 19 жастағы тұрғын жергілікті мектепке заңсыз кірген. Оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

10 сәуірде Ерейментау ауданы Ақсуат ауылындағы мектеп ғимаратына қолына пышақ ұстаған жігіт кіріп кеткен,

Оқырмандардың бірінің айтуынша, оқиға шамамен таңғы сағат 7-де болған. Редакцияға келген кадрларда сағат 06:58 көрсетілген. Ол кезде мектепте сабақ әлі басталмаған, балалар болмаған. Сонымен қатар күзетші де орнында болмапты.

"Жігіт мектеп ішінде пышақ ұстап шамамен 20 минут жүрген. Бұл уақытта әдетте балалар мен мектеп қызметкерлері келе бастайды. Абырой болғанда, ешкім болмады. Ал егер бала келіп қалса ше? Ал мектеп ішінде пышық ұстаған адам жүр. Күзетші де жоқ", – деп жазды оқырман.

Ақмола облыстық Полиция департаменті мектепке белгісіз адамның кіргені туралы ақпаратты растады.

"10 сәуірде сағат 07:00-де, сабақ уақытына дейін, Ерейментау ауданы Ақсуат ауылындағы орта мектептің аумағына 19 жастағы жергілікті тұрғын кірген. Полиция қызметкерлері оны жедел ұстады және дәрігерлердің қарауынан кейін Степногорск қаласындағы психиатриялық ауруханаға жатқызылды. Оқиға кезінде мектепте оқушылар мен мұғалімдер болмаған, өйткені сабақ 08:30-да басталады. Орта мектеп әкімшілігімен осындай жағдайлардың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді", – деді полиция өкілдері.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Егер білім беру мекемесінде күзетті қамтамасыз ету бойынша заңбұзушылықтар анықталса, полиция тиісті шаралар қолданатынын айтты.

"Ұстау кезінде азаматтың үстінен тыйым салынған заттар не суық қару табылған жоқ. Дегенмен, бұл ақпарат мұқият тексеріліп жатыр", – деп қосты департамент өкілдері.

Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екенін еске салып, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді ұсынды.

Оқи отырыңыз: Балаларды мектепке жіберуден қорқамыз: Сайрам ауданында қаңғыбас иттер қаптап кеткен

Новости партнеров