Тасқын салдарынан сегіз аудандағы 24 елдімекен көлік қатынасынан ажырап қалды
Ақмола облысында жағдай тұрақталды, дегенмен тасқыннан келер қауіп толық сейілген жоқ. Бұл туралы жергілікті әкімдік өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мамандардың сөзінше, өзендердегі су деңгейі төмендеген. Тасқынға қарсы күрес жұмыстарына атсалысқандар екі миллион текше метрге жуық су шығарып, жағалауларды бекіту үшін 200 мыңнан астам құм салынған қап төседі. Соңғы мәліметтерге сай, апат салдарын жоюға 500-ге жуық маман, 300-ден астам арнайы техника, 55 мотопомпа және 16 жүзу құралы жұмылдырылған. Қарғын судан 8 аудан зардап шеккен.
«Жыл сайын қайталанатын тасқын салдарынан сегіз аудандағы 24 елдімекен көлік қатынасынан ажырап қалды. Ауылдарға жеткілікті көлемде дәрі-дәрмек пен азық-түлік жеткізілді, тапшылық жоқ. Уақытша жол белгілері қойылып, тәулік бойы бақылау бекеттері жұмыс істеп тұр», – деді облыс әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов.
Оқи отырыңыз: Алматының бас ботаникалық бағы жабылды