Ақмола облысында үш елікті заңсыз атып алғандар ұсталды

polisia.kz
polisia.kz

Көлік салонында 33 жастағы жүргізуші мен екі жолаушы болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысындағы кезекті браконьерлік деректі криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, 29 қаңтарға қараған түні Зеренді ауданында анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түнгі сағат 02:00 шамасында тәртіп сақшылары ВАЗ-21015 автокөлігін тоқтатты. Көлік салонында 33 жастағы жүргізуші мен екі жолаушы болған. Олардың бірі бұған дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы (Заңсыз аң аулау) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Көлікті тексеру барысында жүксалғыштан үш еліктің ұшасы табылды.

Осы уақытта полиция қызметкерлері 31 жастағы жергілікті тұрғын басқарған Toyota Camry автокөлігін де тоқтатты. Оның салонынан 12-калибрлі бір оқпанды мылтық пен оқ-дәрілер анықталды.

Тергеу-жедел іс-шаралары барысында күдіктілердің түнгі уақытта Бәйтерек ауылы маңында атыс қаруынан үш елікті атқаны белгілі болды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген жабайы жануарлардың өлекселері сараптамаға жіберілді.

Оқи отырыңыз: Атырауда қаңтар басталғалы 7 көлік өртеніп кеткен

Новости партнеров