АҚШ-тан депортацияланған қазақстандықтар Коста-Рикаға жеткізілді

22.02.2025 16:21

Ол жерден Панамамен шекаралас маңдағы мигранттар баспанасына автобуспен жеткізілді

Ross Parmly / Unsplash

АҚШ-тан депортацияланған, негізінен азиялық мигранттар тобы Коста-Рикаға келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Reuters жазуынша, бұл – Өзбекстан, Қытай, Армения, Түркия, Ауғанстан, Ресей, Грузия, Вьетнам, Әзербайжан, Иран, Иордания, Қазақстан және Гана елдерінен келген отбасылар.

Коста-Рика үкіметі бейсенбі күні Вашингтонмен Құрама Штаттардан депортацияланған мигранттардың бірінші тобын басқа елдерден депортацияланған 200-ге дейін адамды уақытша орналастыру туралы келісім бойынша қабылдады.

Елден шығарылған мигранттардың соңғы тобы Сан-Диего қаласынан Коста-Рика астанасы Сан-Хосеге жеткізілді, ол жерден Панамамен шекаралас маңдағы мигранттар баспанасына автобуспен жеткізілді.

Қауіпсіздік министрінің орынбасары Омер Бадилла Сан-Хосе әуежайында тілшілерге мигранттарға Коста-Рикада бір ай қалуға рұқсат берілетінін, осы уақыт ішінде билік олардың өз еліне өз еркімен оралуын үйлестіретінін хабарлады.

- Олардың көпшілігі өз елдеріне қайтқысы келеді, - деді Бадилла.

Ол бас тартқандардың істері жеке түрде қаралатынын қосып өтті.

Оқи отырыңыз: Астанада 25 жолаушы отырған автобус апатқа ұшырады