АҚШ-тан Қазақстанға сәлемдемемен келген мармеладтың ішінен күтпеген нәрсе шықты

06.02.2025 12:57

Сәлемдеме 30 жастағы жергілікті тұрғынға арналған

polisia.kz

Алматыда полиция шетелден келген есірткі салынған сәлемдемені анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы полициясы сәлемдемені МКД әріптестері мен поштаның қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің көмегімен анықтады.

Сәлемдеме 30 жастағы жергілікті тұрғынға арналған. Оған АҚШ-тан марихуана мен есірткісі бар мармелад салынған сәлемдеме жіберген.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында жасыл түсті, ерекше иісі бар, өсімдік тектес зат салынған 27 қаптама табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды.

Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің қылмыстық сәлемдемені қандай мақсатпен алғаны және қаламызды есірткімен қамтамасыз ету арнасы анықталады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмеді.

Оқи отырыңыз: Алмалы ауданында тағы бір жайлы мектеп ашылады