Кәмелет жасына толмаған ол оңай ақша табуды ойлаған
Атыраулық полицейлер өміріне өз қолымен балта шапқан жас жігіттің оқиғасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Aikyn.kz порталына сілтеме жасап.
Есірткі мен психотроптық заттарды, олардың аналогтарын таратумен айналысқан ол жазаға кесілген алғашқы екі жылын кәмелетке толмағандарға арналған колонияда өткізді.
«Ол кезде бәрі ауыр болды. Ақша керек еді, салдарын ойламадым. Бұл жол – өте қорқынышты. Мен мұны ешкімге тілемеймін. Әр қадамыңды ой елегінен өткізу керек. Кішкентай қате – өмір бойғы өкінішке айналуы мүмкін», – дейді ол.
Қазіргі таңда заңнамадағы өзгерістерге байланысты бірінші рет қылмыс жасаған азаматтарға қатысты жазаны жеңілдету мүмкіндігі туып отыр. Ол осы өзгерістерге үміт артып, бостандыққа шығып, оқып, жұмыс істеп, қоғамның толыққанды мүшесіне айналуды қалайды.
Оқи отырыңыз: Президент жұмыс сапарымен Шымкентке барды