Атырауда алып қашып кеткен бойжеткен неге арыз жазбаған

Құзырлы орган өкілдері ұсақ бұзақылық бабы бойынша хаттама толтырған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тапа-тал түсте қыз алып қашпақ болған жігіт ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның бұл ерсі қылығы әлеуметтік желіге тарап кеткен. Бейнежазбадан  атпалдай азаматтың бойжеткенді күштеп көлікке отырғызып жатқаны анық көрініп тұр. Ал қыз бар дауысымен айқайға басып, қарсылық танытқан. Алайда 22 жастағы бұрымды полицияға арыз жазбаған. Қазір құзырлы орган өкілдері ұсақ бұзақылық бабы бойынша хаттама толтырған. Ал азаматтың көлігі ақылы автотұрақта.

"Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбадағы автокөлікке әйел адамды күштеп мінгізген 22 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Автокөлігі арнаулы тұраққа қойылды. 22 жастағы әйелдің арыз-талабы жоқ. Жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданады", – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Оқи отырыңыз: Перизат Қайраттың анасы да күдікке ілінді

Новости партнеров