Бюджет қаражатын заңсыз иемденген есепшіге қатысты сот үкімі шықты
Ақтау қаласының прокуратурасы балабақшада бюджет қаражатын заңсыз иемденiп алу деректерін анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Маңғыстау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Талдау барысында №39 «Хиуаз бөбекжай» балабақшасының есепшісі директорының атынан банк құжаттарына қол қойып, өзінің есеп-шоттарына мемлекет бюджетінен 9 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз аударғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Көрсетілген дерек бойынша сотпен есепшіге қатысты ҚК-тің 189-бабының 3-б. 1) т. үкім шығып, 3 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Оқи отырыңыз: ІІМ: “әлеуметтік“ газ ұрлаған қылмыстық топ ұсталды