Сотқа дейінгі тергеу басталды
Ақтауда ер адам бір азаматты өлтіріп, артынша өз-өзіне қол салған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал полицияға алдымен тұрғынның дене жарақат алғаны туралы хабарлама түскен. Олар оқиға орнына келгенде жәбірленуші жан тапсырған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бейнебақылау камераларының жазбалары қолданылып, құқық қорғаушылар 30 минут ішінде күдіктінің жеке басын және оның жүріп өткен бағытын анықтаған. Алайда күдікті өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмған.
"Көрсетілген мекенжайға барған кезде полиция қызметкерлері өзін-өзі өлтірді деген болжам жасалған ер адамның мәйітін тапты. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99 және 105-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – деді Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.
Оқи отырыңыз: Шымкентте 20 жастағы жігіт өлі табылды: полиция пікір білдірді