Ақтауда әкім орынбасары тағайындалған соң келесі күні қызметінен кеткен

13.03.2025 21:17

Әсет Шопанов өз еркімен қызметінен босатылған

Ақтау әкімдігі

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Әсет Шопанов тағайындалғаннан кейін келесі күні қызметінен кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Әсет Шопанов өз еркімен қызметінен босатылған.

«Әсет Шопанов 3 наурызда Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді. Алайда келесі күні, 4 наурызда ол қызметінен кетті», – делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін оның Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалғаны хабарланған еді. Алайда шенеуніктің мас күйінде көлік жүргізгені туралы ақпарат қоғамда қызу талқыға түсті.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық танымал шахматшы сүйіктісіне сезімін желі арқылы жеткізді