Ақтауда концерт кезінде жүзден астам бала жоғалып кетті

Yu Jinyang/unsplash.com/
Yu Jinyang/unsplash.com/

Олардың барлығы арнайы дайындалған киіз үйге жеткізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» мерекесінде 100-ден астам бала мен жасөспірім жағалауда адасып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

100-ден астам бала біраз уақыт ата-анасының қамқорлығынсыз қалған. Олардың барлығы арнайы дайындалған киіз үйге жеткізілді.

«Үлкені 15 жаста болса, кішісі әлі бесікарбада отырды. Қазір барлығы ата-анасына қайтарылды. Сахнадан ата-аналарға бала жоғалса, алдымен киіз үйге барып, сол жерден іздеу керектігі ескертілді. Жалпы, мұндай оқиғалар әр қоғамдық іс-шарада болып тұрады. Біздің қызметкерлер бұған үйреніп қалған», - деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Алматының Жетісу ауданында 25 заңсыз сауда нүктесі бұзылды

Новости партнеров