Ақтаудағы қомақты қаржыға сатып алған қоқыс жәшігі қирап қалды

Қала әкімдігінің 44 миллион теңгеге қоқыс жәшіктерін сатып алғанын айтқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Былтыр Ақтау қаласының әкімдігі 44 млн теңгеге сатып алған заманауи үлгідегі қоқыс контейнерлері көпке шыдамады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қомақты қаржыға орнатылған қоқыс жәшіктері табиғаттың қалыпты өзгерісіне шыдамады. Демалыс күндері қалада толассыз жауын жауған соң алғашқылардың бірі болып орнатылған 19-шағынаудандағы жер асты қоқыс жәшіктері жер бетіне қалқып шыққан. Жәшіктерді орнатқан компания өкілдері «біз атқарған жұмыста еш мін жоқ. Бұл жауын-шашын салдарынан болды, өйткені жаңбыр суынан кейін жер астынан өтетін магистральдық құбырдың үстіндегі асфальт жабыны опырылып түскен» деп ақталды.

 «Биыл қар да, жаңбыр да мол жауды. Салдарынан топырақтың шөгуі басталды. Әрине оның жер астындағы жәшікке қатысы жоқ. Бірақ тізбекті реакция басталып, жер опырылды. Қоқыс жәшігін қайта жөндейміз», – деді қоқыс контейнерлерін өндіруші компанияның өкілі Александр Павлюков.

Ал әкімдіктіктегілер бұл үшін ешкім жазаланбайтынын, әрі мұндай дерек қала ішінде тек бір жерде байқалғанын айтты. Ал келтірілген шығынды контейнерді өндіруші компания кепілдік мерзіміне сәйкес қайта қалпына келтіреді.

«Осы жағдайға байланысты қоқыс жәшігі жердің бетіне шығудан бұрын айналасындағы автокөлік жолын және жаяу жүргіншілер жолының ойылғанын байқауға болады. Алдын ала жарылған. Ол тек ғана бір нүктеге емес әртүрлі аймақта орын алған», – деді Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Ғазиз Сағынғалиев.

Естеріңізге сала кетейін, бұған дейін қала әкімдігінің 44 миллион теңгеге қоқыс жәшіктерін сатып алғанын айтқан. Олардың әрқайсысысына 4,5 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Ал биыл шенеуніктер қосымша 1 миллиард теңгеге осындай контейнерлерді сатып алу керек болған, бірақ ойынан айнып қалған.

Жасұлан Мұқан, Мұқағали Нұрдәулет, Ақтаудан

 

Новости партнеров