Ақтөбе облысында 33 жолаушысы бар автобус жүк көлігімен соқтығысқан

Видеодан кадр
Видеодан кадр

ТЖМ құтқарушылары шетел азаматтарын эвакуациялады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысында 33 жолаушы отырған автобус жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Оқиға түнгі уақытта Ырғыз ауданы аттас кентінен 40 км қашықтықта Самара-Шымкент тас жолының жабық учаскесінде болған.

«Уфа – Самарқанд бағытында келе жатқан, 33 өзбекстандық жолаушы отырған автобус пен жүк көлігі соқтығысқан. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. ТЖМ қызметкерлері жолаушыларды жолдың қауіпсіз ашық учаскесінде орналасқан басқа автобусқа дейін эвакуациялады», - делінген хабарламада.  

ТЖМ ауа райы жағдайы жолдағы жағдайды едәуір қиындатуы мүмкін екенін еске салады.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында теміржолдағы апатқа байланысты 6 жолаушылар пойызы кешігеді

Новости партнеров