Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған 14 адам құтқарылды

08.02.2025 14:21

ТЖМ дауылды ескертулерге назар аударуды сұрайды

Видеодан кадр

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 14 адамды құтқарып эвакуациялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін түнде Ақтөбе облысы Хромтау қаласының "Самара-Шымкент" автожолының 850 шақырымында жолаушылары бар 3 жеңіл автокөлік пен бір жүк көлігі қар құрсауында қалып, қозғалысын жалғастыра алмады. Көлік ішінде 14 адам, оның ішінде 2 Өзбекстан Республикасының азаматы болды", - делінген хабарламада.

ТЖМ құтқарушылары мен ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқиға орнына вахтовканмен келіп, көлік құралдарын жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарып, 14 адамды Хромтау қаласының кемпингіне эвакуациялады.

ТЖМ дауылды ескертулерге назар аударып, ауа райы нашарлаған жағдайда елдімекеннен тыс жерге жолға шықпауға кеңес береді.

Оқи отырыңыз: Жантүршігерлік жол апаты: Жетісу облысында 4 адам қаза тапты