Ақтөбе облысындағы ауылдарда 11 медициналық мекеме салынады

25.04.2025 18:23

Қайтарылған активтер есебінен 1,4 миллиард теңге бөлінді

Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына 1,4 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржы заңсыз жолмен алынған активтерден қалыптасқан Арнаулы мемлекеттік қордан алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жоспар бойынша қаражатқа ауылдарда 11 медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункт пен дәрігерлік амбулатория салынады. Әрбір нысан күніне 25-тен 45 адамға дейін қабылдай алады. Жобаның арқасында ауыл тұрғындары сапалы медициналық көмекке қол жеткізе алады. Жергілікті халық бұл жаңалықты қуанышпен қабылдады.

«Ауылымызға медициналық пункт салынды. Құрлыстағы жігіттерді өз жұмыстарының шебері екенін көрсетіп, аса үлкен жауапкершілік танытты. Әлеуметтік нысандар бүкіл ауылға, елдімекендерге керек деп есептеймін. Бұған дейін укол, система алу үшін көрші Бершүгір ауылына баратынбыз», – деді Cарысай ауылының тұрғыны Нұрлан Оразов.

Оқи отырыңыз: Көкшетаудағы жылу көзін жөндеу үшін Үкіметтен 1 млрд теңге қаржы бөлінді