Хромтаудағы шахтада 4 кеншіні күйік шалып, ауруханаға жеткізілді

28.02.2025 18:33

Қазіргі кезде шахта жұмысы уақытша тоқтатылды

Martin Brechtl / Unsplash

Ақтөбе облысында «Болашақ» шахтасында болған оқыс оқиға салдарынан 4 кеншіні күйік шалып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы “Қазхром” траснұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты «Болашақ» шахтасының кен өндіру блогында бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде ауа кеңістігінің қысқамерзімді тұтануы пайда болды. Салдарынан төрт адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Зардап шегушілерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі», - делінген компания хабарламасында.

Қазіргі кезде инциденттің себептері анықталып, жою жұмыстары аяқталғанша шахтадағы кен өндіру жұмыстары тоқтатылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық сноубордшы Қырғызстан тауында көз жұмды