Ақтөбеде депо бастығы пара алып сотталды

22.11.2024 15:31

Оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

Mediamodifier/unsplash.com/

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығы сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

«Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық соты „ҚТЖ-Жүк тасымалы“ ЖШС „Батыс“ филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығына қатысты үкім шығарды. Ол локомотив депосының кадрлар жөніндегі делдал-менеджері арқылы адамды тепловоз машинисінің көмекшісі лауазымына орналастыру үшін 1,5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды», — делінген хабарламада.

Оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сол үкіммен делдал 1 жылға 6 айға бас бостандығынан айырылды, пара берген адам және оның көмекшісі 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: Адам саудасы: биыл 197 қылмыстық іс тіркелді