Ақтөбеде қар көлігі бұзылған жолаушыны құтқарушылар аман алып қалды

05.03.2025 11:59

Оқиға Жүргенов ауылынан 30 шақырым жерде болған

Photo by Patrick T'Kindt on Unsplash

3 наурыз күні 112 пультіне Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жүргенов ауылынан 30 шақырым жерде 1991 жылғы ер адамның қар көлігінің бұзылғаны және құтқарушылардың көмегі қажет екені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ қызметкерлері арнайы автокөлікпен шығып, зардап шегушіні қар басқан далада тауып алды. Оның көлігін Треколға жүктеп, жүргізушісімен бірге елді мекенге жеткізіп салды. Жолаушы медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Оқи отырыңыз: Бұқтырмада көлік мұз астына түсіп кетті