Екі күдікті де есірткіге еліткен күйінде болған
Ақтөбеде тек рецептпен сатылатын дәрігер мен психотропты заттарды заңсыз сатқан екі күдікті ұсталды. Олардан ақша мен дәрі-дәрмек тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері екі тұрғынды ұстады. Олардан дәрігердің рецепті бойынша ғана сатылатын дәрі-дәрмек тәркіленді.
"Күдіктілер тұрған пәтерді тінту кезінде полицейлер ақша, сондай-ақ рецептпен ғана сатылатын мыңнан астам дәрі-дәрмек және психотропты заттар тәркіленді. Ұсталғандардың айтуынша, олар дәрі-дәрмектерді психотропты заттарды қолданатын адамдарға сатқан. Екі күдікті де есірткіге еліткен күйінде болған. Бұл сараптама кезінде анықталды. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Ардагерге құрмет: алматылық еріктілер майдангерлердің шаңырағына барды