Ақтөбеде түрмеден шыққан ер адам бір түнде екі көлік ұрлап кеткен

14.03.2025 12:55

Қазіргі уақытта автокөліктерді ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде

polisia.kz

Ақтөбе облысында ер адамның бір түнде екі көлік ұрлап кеткені анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Полицияға екі көрші көліктерін ұрлап кету фактісі бойынша жүгінді. Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында бейнебақылау камераларының көмегімен бірнеше рет сотталған 27 жастағы облыс тұрғынын анықтап, ұстады.

«Күдікті көшеде оталып тұрған ВАЗ автокөлігін байқап, айдап кеткен. Бірнеше көше жүргеннен кейін көлік қар құрсауына батып қалған. Уақыт жоғалтпай, ол ВАЗ маркілі басқа автокөлікті айдап әкетіп, Тургенев көшесінде көлікті аулалардың біріне тастап кеткен.

Қазіргі уақытта автокөліктерді ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Полиция департаменті көлік иелерін көліктерде кілт қалдырмауға шақырады және қауіпсіздікті арттыру үшін дабыл жүйелерін орнатуға кеңес береді», - делінген ПД хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Шымкентте кортеж жасаған мопедшілер жауапқа тартылды