Ақтөбеде жүзу спорты мектебінің бассейні жабылды

Мамандар судағы pH деңгейін реттейтін және хлорлауға арналған химиялық заттарды шатастырып алған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде жүзу спорты мектебінің бассейні қызметкердің қателігінен кейін уақытша жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мұнда мамандар судағы pH деңгейін реттейтін және хлорлауға арналған химиялық заттарды шатастырып, салдарынан қауіпті реакция туындаған. Жарақат алған қызметкер ауруханаға жеткізілді. Ал оқиға кезінде бассейнде 35 адам болған. Олардың қатарында балалар мен жаттықтырушылар бар. Абырой болғанда, барлығы дер кезінде эвакуацияланып, ешкім зардап шеккен жоқ. Облыстық спорт басқармасының мәліметінше, хауыз келесі аптада қайта ашылуы мүмкін. Алайда санитарлық дәрігерлер судың сапасын тексеріп, сараптама нәтижелерін бергеннен кейін ғана нысан жұмысын жалғастырады. Қазіргі уақытта жарақат алған қызметкер амбулаторлық ем қабылдап жатыр.

 «Қауіпсіздік мақсатында ғимаратта болған барлық адам эвакуацияланды. Қазіргі уақытта бассейн жұмыс істеп тұрған жоқ. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нәтижелер шыққан соң, бассейн қайта ашылады», – деді Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Шыңғыс Шоқпұтов.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында оқушылар астан ұшынып, ауруханасына түсті

Новости партнеров