Ақылы жолдардағы абонементтердің бағасы қанша

ҚазАвтоЖол
ҚазАвтоЖол

Абонементті алу үшін онлайн, клиенттермен жұмыс істеу орталығына немесе ақы төлеу пунктіне барып өтінім беруге болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жол пайдаланушылар үшін ақылы жолдармен жүруге айлық және жылдық абонементті рәсімдеу қызметін ұсынады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол үшін көлік құралы ақылы жолдардың учаскесіне қарасты аудандарда тіркелу қажет (көлік құралының тіркелген жері ҚР ІІМ деректер қорынан алынады) және жол ақысы үшін қарызы болмауы тиіс.
Абонементті алу үшін онлайн, клиенттермен жұмыс істеу орталығына немесе ақы төлеу пунктіне барып өтінім беруге болады.
Абонементтердің құны:

Бір айлық абонемент (күнтізбелік 30 күн):

  • жеңіл көліктерге қарастырылмаған;
  • 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін – 2 АЕК (7864 теңге);
  • 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін – 4 АЕК (15 728 теңге);
  • 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т. дейін автопойыздар үшін – 6 АЕК (23 592 теңге);
  • жүк көтергіштігі 10 т. жоғары және 15 т. дейінгі жүк автомобильдері үшін – 8 АЕК (31 456 теңге);
  • жүк көтергіштігі 15 т. жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін – 10 АЕК (39 320 теңге).

Бір жылдық абонемент (күнтізбелік 365 күн):

  • жеңіл көліктерге – 1 АЕК (3932 теңге);
  • 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін – 20 АЕК (78 640 теңге);
  • 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін – 40 АЕК (157 280 теңге);
  • 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т. дейін автопойыздар үшін – 60 АЕК (235 920 теңге);
  • жүк көтергіштігі 10 т. жоғары және 15 т. дейінгі жүк автомобильдері үшін – 80 АЕК (314 560 теңге);
  • жүк көтергіштігі 15 т. жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін – 100 АЕК (393 200 теңге).

Оқи отырыңыз: Жасанды интеллект шамадан тыс жүк артқан көліктерге айыппұл салмақ

Новости партнеров