Алаяқтарға алданған: Шымкентте зейнеткердің 46 млн теңгесі қайтарылды

polisia.kz
polisia.kz

Екі күдіктінің әрқайсына 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте полиция зейнеткердің 46 млн теңгесін қайтарып берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпан айында полицейлер 69 жастағы тұрғыннан үлкен көлемде ақша жымқырған екі ер адамды ұстады.

Зейнеткерге өзін ұялы байланыс операторымын деп таныстырған белгісіз тұлға қоңырау шалып, сим-картасының мерзімі аяқталғанын айтқан. Нөмірінің қызметін ұзарту үшін азаматша СМС-кодты хабарлаған.

Араға аз уақыт салып, "құқық қорғаушылар" хабарласып, әйелдің шотында күмәнді операциялар басталғанын және алдыңғы қоңырау шалған адам алаяқ екенін жеткізген.

«Дүрбелеңге түскен зейнеткер жиған-тергенін сақтап қалу үшін күдіктілердің айтқанын бұлжытпай орындайды: есепшотындағы бар ақшаны шешіп алып, оны "сенімді қолға" уақытша сақтауға тапсырған», - делінген хабарламада.
Киберпол қызметкерлері күдіктілерді анықтап, жан-жақты және толыққанды тергеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жәбірленушіге келтірілген шығын түгел өтелді.

Сот үкімімен екі күдіктінің әрқайсына 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Қытайда қарттар үйі өртеніп, 20 адам қаза тапты

Новости партнеров