Алаяқтарға көмектескен ерлі-зайыпты әшкере болды

17.01.2025 10:05

Ұсталғандар полицияға жеткізілді

polisia.kz

Павлодар қаласында полиция қызметкерлері телефон алаяқтарына көмектескен отбасылық жұпты ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жалдамалы пәтерде әрқайсында 8 слоты бар 5 sim-box құрылғы табылған. Онда қазақстандық ұялы байланыс операторларының sim-карталары орнатылған. Олардың көмегімен ел аумағында интернет алаяқтық жасау үшін қолданылатын виртуалды абоненттік нөмірлер тіркелген. Сонымен қатар 4 роутер мен қазақстандық және шетелдік байланыс операторларының 53 sim-картасы тәркіленді.

Ұсталғандар полицияға жеткізілді.

"Олардың міндетіне апта сайын құрылғылардағы sim-карталарды ауыстыру кірген. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың 10 миллион теңгесін ұрлаған күдікті Беларусьтан экстрадицияланды