17 мың шақырым электр желісі мен 323 шақырым жылу магистралін жаңарту басталады
Алдағы жылыту маусымына дайындық басталды, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі ҚРЭнергетика министрлігіне сілтеме жасап.
Биыл 10 энергетикалық блок, 63 қазандық және 39 турбинаның жөндеу жұмыстары жоспарланған, оның бір бөлігі қазіргі уақытта жүргізілуде. Өңірлердегі 66 жылу орталығында 53 қазандықтың жөндеуі мен реконструкциясы жоспарланған.
Суық ауа райы аяқталғаннан кейін 17 мың шақырым электр желісі мен 323 шақырым жылу магистралін жаңарту басталады.
Ұлттық энергетикалық модернизация жобасы аясында 77,5 мың км электр желілері мен 1,6 мың км жылу желілері жаңартылатын болады, жалпы бюджеті 4 трлн теңге. 2029 жылға дейін бұл электр желілерінің тозуын 45%-ға, жылу желілерінің тозуын 42%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Генерация саласында 7,3 ГВт жаңа қуат енгізу жоспарлануда, соның ішінде қолданыстағы станцияларды жаңарту және жаңа станциялар салу да бар. 2029 жылға дейін 29 жобаны аяқтап, электр станцияларының орташа тозуын 40%-ға дейін азайту жоспарланған.
Жаңартылатын энергия көздерін дамыту басымдық болып қала береді: 2024 жылы 153 нысан 7,58 млрд кВт·сағ (жалпы өндірістің 6,43%-ы) өндірді. 8 жаңа станция (163,35 МВт) іске қосылды, ал 2025 жылдың соңына дейін тағы 9 ЖЭК жобасы іске қосылады (455,5 МВт). 2025 жылдың ақпан айында Қарағанды облысында қуаттылығы 50 МВт жел электр станциясы іске қосылды.
2025 жылы ЖЭК жобалары бойынша аукциондарға 1 810 МВт қуат ұсынылды, оның ішінде: жел электр станциясы – 1 200 МВт, күн электр станциясы – 90 МВт, гидроэлектр станциясы – 500 МВт, биоэлектр станциясы – 20 МВт.
Осылайша, Қазақстанның энергетика саласы сенімді жылумен жабдықтауды, ауқымды жаңғыртуды және «жасыл» энергетиканың өсуін үйлестіре отырып, тұрақты дамуға қол жеткізуде.
Оқи отырыңыз: Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады