Бастапқыда қиындық сезінсеңіз, өзіңізді қинамаңыз, бастысы – ниет пен талпыныс
Ораза – мұсылмандар үшін маңызды құлшылықтың бірі. Ол – тек ас-судан тыйылу емес, рухани кемелденіп, сабырлық сақтап, өзін-өзі тәрбиелейтін ерекше ғибадат, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алайда оразаны алғаш рет ұстауға ниеттенген жан үшіy оңай болмасы анық.
Егер бұрын ораза ұстап көрмесеңіз, бірден кірісу қиын болуы мүмкін. Сондықтан өзіңізді біртіндеп дайындаңыз.
Ал Оразада дұрыс тамақтану маңызды. Сәресіде – күрделі көмірсулар (ботқа, қара нан, көкөністер), ақуыз (жұмыртқа, ет, сүзбе) және су ішкен жөн. Ал ауыз ашарда асқазанға салмақ түсірмес үшін жеңіл тамақтардан бастау керек (сүт өнімдері, құрма, сорпа). Дұрыс тамақтану сіздің қуатыңызды сақтауға және күні бойы өзіңізді сергек сезінуге көмектеседі.
Бастапқыда қиындық сезінсеңіз, өзіңізді қинамаңыз, бастысы – ниет пен талпыныс.
Бұл – рухани тазару, өз-өзіңді бақылау және ішкі жан дүниеңді дамыту кезеңі. Көптеген адамдар ораза арқылы жаңа әдет қалыптастырып, өзін жаңа қырынан таниды.
Егер айналаңызда ораза ұстайтын адамдар болса, олармен бірге ұстау сізге жеңіл болады.
Бастысы – өзіңізді қинамай, біртіндеп үйрену керек. Ораза сізге сабырлық, жігер және жан тыныштығын сыйлайтынын ұмытпаңыз!
Оқи отырыңыз: Ораза - 2025: пітір садақа мөлшері қанша