Олар білім ошағының алаңын тазалап, қала экологиясына үлестерін қосты
«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты экологиялық науқанға Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің студенттері мен оқытушылары да қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар білім ошағының алаңын тазалап, қала экологиясына үлестерін қосты.
Айта кетейік, іс-шара Жаңару күнімен тұспа-тұс келді.
«Жаңару – ол табиғаттың жаңаруы. Бүгінгі тамаша күнде университет аумағында жүріп жатқан шаралар, жаңару күніне арналады. Біз медициналық университет болғандықтан, табиғаттың ең басты жемісі – адам денсаулығы. Адамның дені сау болу үшін қоғамда, жақсы жүру үшін, таза ауа, таза су болуы керек», – деді медицина ғылымдарының кандидаты Ардақ Нұрбақыт.
Оқи отырыңыз: Жасыл Наурыз: Алматыда эко-фестивалі өтті