Әкімдік қаланы дамытуға қатысты нақты іс-шаралар жоспарын әзірледі
Алматы қаласының әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмасына орай нақты іс-шаралар жоспарын әзірледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 28-29 наурыз күндері Алматыға жасаған жұмыс сапары барысында Ерболат Досаевқа қаланы жан-жақты дамытуға қатысты тапсырма берген болатын.
«Соған сәйкес, қала әкімдігі нақты іс-шаралар жоспарын әзірледі. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жөніндегі есеп бекітілген тәртіп бойынша дайындалып, мерзімінде ұсынылып отыр», - делінген хабарламада.
Әкім қызметінің тиімділігіне Президент Әкімшілігі сараптама жүргізеді.
Атқарылған жұмыстардың нақты нәтижелері бойынша Алматы қаласы әкімдігі ақпараттандырып отырады.
Оқи отырыңыз: Енді қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемін балаларын емдеуге де қолдана алады