Алматы қорығында сілеусіннің күшігі фототұзаққа түсіп қалды

20.03.2025 15:15

Балалары екі жасқа дейін аналарымен бірге жүреді

Zdeněk Macháček/unsplash.com/

Алматы қорығында Қызыл кітапқа енген сілеусіндерді жиі кездестіруге болады. Бұл жолы сілеусіннің күшігі фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Ғылыми зерттеу жүргізгелі бері фототұзақта 1 інсін (сілеусіннің күшігі) тіркелді. Кейінен визуалды бақылау кезінде 2 інсімен бірге жүргені анықталды. Балалары екі жасқа дейін аналарымен бірге жүреді", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, соңғы бір жыл ішінде Алматы қорығында фототұзаққа сілеусіндер 32 рет түсіп, олардың осы аумақта тұрақты мекендейтіні дәлелденді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қымыз өндірісі артты