13 құтқарушы балықшыларды Ұзынқарғалы бөгетінен 15 км жоғары ашық аумақта тапты
Алматы облысының тауларында іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 наурызда кешке Алматы облысы ТЖД 112 пультіне таңертең ерте бес адам Ұзын-Қарғалы өзенінің бойындағы Қарғалы ауылының тауларына балық аулауға барғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Топтан тек бір адам өздігінен түсіп, қалған төртеуінің (бір ересек және үш жасөспірім) қайда екені белгісіз болды.
«3 бірлік техника, 2 ұқышсыз ұшу аппараты, 2 кинологиялық есеп және 2 спутниктік телефон арқылы іздестіру-құтқару жұмыстарына жұмылдырылған 13 құтқарушы балықшыларды Ұзынқарғалы бөгетінен 15 км жоғары ашық аумақта тапты», - делінген хабарламада.
Жоғалған адамдардың жағдайы тұрақты. Ешкімге медициналық көмек қажет емес. Құтқарушылардың сүйемелдеуімен олар таудан түсіріліп, елді мекенге жеткізілді.
Оқи отырыңыз: Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың бірге түскен суреті желіде қызу талқыға түсті