Алматы облысында дөңгелек шығаратын зауыттан алапат өрт шықты

15.03.2025 14:20

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Видеодан кадр

Алматы облысында дөңгелек шығаратын зауыттан өрт шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Осы сәтте Алматы облысының өрт сөндірушілері Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы резеңке дөңгелектер шығаратын зауыттағы өртті сөндіруде», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Өртті сөндіру температураның жоғары болуына және үлкен өрт жүктемесіне байланысты күрделеніп кетті», - делінген хабарламада.

Өрттенр зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.

Құтқарушылар жоғары деңгей бойынша жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда көпқабатты тұрғын үй пәтерінен шыққан өрт сөндірілді