Алматы облысында әйел адам қайтыс болған баланың атынан 11 млн теңге жинап алған

21.02.2025 16:19

Қазір күдіктіге қатысты тергеу әрекеттері жүріп жатыр

Өлілердің атын жамылып, пайда көріп келген. Алматы облысында қайтыс болған баланың еміне деп ақша жинаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

Қонаев қаласының тұрғыны 11 миллион теңгені қолды қылған екен. Полиция қызметкерлері анықтағандай, 31 жастағы әйел бұған дейін де жұрттың сеніміне кіріп, заңсыз пайда тапқан.

Қазір күдіктіге қатысты тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары қылмысты ауқымды “Anti-fraud” операциясы аясында әшкереледі.  

«Республикалық Anti-Fraud жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы облысының полицейлері Ішкі істер министірлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің үйлестіруімен кешенді іс-шара ұйымдастырды. «Инстаграм» желісі арқылы 2023 жылы қайтыс болған науқас адамның фото-видеосын, жазбаларын пайдалана отырып, 11 миллион қаражат жинаған», - деді Полиция департаменті басқармасының бастығы Нұржан Кеңесханұлы.

Оқи отырыңыз: Қылмысты жасырып, істі тоқтатып тастаған: Таразда тергеуші сотталды